Ескі архив · 01.05.2011 12:40

Байғыз

Байғыз – жапалақ тәрізділер от­­ря­дына жататын құс. Қазақ­стан­ның сол­түстігі мен солтүстік – шығысынан басқа жерлердің бәрінде мекендейді. Әсіресе Үс­тірт­те, Маңғыстауда, Арал, Бал­қаш жағалауында, Қара­тау­да, Ал­­тайда жиі кездеседі. Рес­пуб­ли­­­ка­мызда кәдуілгі байғыздан басқа, ор­ман байғызы, торғай тә­різді бай­ғыз деген түрлері бар. Бай­ғыз қо­разының қанаты – 153-172 мм, сал­мағы – 154-157 г, ал ме­киенінің де­не­сі ірілеу, қанаты – 157 – 175 мм, сал­мағы 195-260 грамдай болады. Ар­қасы қо­­­ңыр теңбілді, бауыры ақ­шыл тар­­ғыл, тұмсығы сүйір, имекті ке­леді. Жарқабақтардағы індер мен жартастағы үңгірлерге ұя жасап, оған төрт-алты ғана жұмыртқа са­лады. Оны мекиені бір айға жуық басады, ба­лапандарын 35-40 күнде ұядан ұшы­рады. Байғыз – отырықшы құс. Олар майда ке­мір­гіштермен, тор­ғай тәрізді құс­тар­мен, ұсақ жән­дік­термен қо­рек­тенетіндіктен, ауыл ша­руа­шы­лығына пайда келтіреді. Қазақта байғыз жайлы әртүрлі аңыз бар. Жалпы, байғыздың үнін «сұңқылдады» деп жа­рат­пай­ды. Сондықтан бай­ғыз шақырғанда, атын атамай «нұ­ра­талы» деп, ұн шашу арқылы жа­ман­шы­лықтың бетін қайырады деседі.
Авторы:
KILYZAMAN

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту