Бодибилдингтің алтын дәуірі - Кейси Виатор!
Кейси Виатор Жоғары Интенсивті Тренингтің (ВИТ) насихаттаушысы. Жұрттың айтуынша, ешқашан стеройд қолданбаған, тек өте ақылды жаттығу стратегиясы мен саналы жаттығу арқылы және туа біткен бұлшық ет өсіруге бейімділіктің арқасында өз мүсінін салуда үлкен жетістікке жеткен атлет. Мына видеосында қанша жаста екенін білмеймін. Бірақ қырықтың қырқасында сияқты. Фармакологияның күшімен жүрген алыптардың қасында жүріп кезінде аса еленбеген.
Қазіргі стеройдшы монстрлармен салыстырғанда әрине майдалау. Бірақ мәселе неғұрлым үлкен болуда болмаса керек.
