Уыз
Сіздер байқадыңыздар ма, байқамадыңыздар ма білмеймін...Өзім байқадым, мен инет әлемінен екі-үш күнге жоғалып кеттім. Бірлік пен татулық күнін күтпей-ақ өзіме белгілі себептеріммен ел жаққа тартып кеттім. «Ауыл деген жақсы ғой» демекші бір сергіп қалдым. Қымыз ішіп үлгермесем де (жайлау жақтарда бие байлағандар бар екен негізі) сүр ет жеп, көктемгі сары уыздан дәм татып келе жатқан жайым бар. Білмейтіндерге түсіндіре кетейін.
Уыз деп жас төлдеген малдардың сүтін айтады. Уызға жарыған, жарымаған деген тіркестер осыдан шықса керек.Себебі уыз сүттің құнарлығы керемет. Көктің шығып жатқан кезіндегі қою,қаймағы мол сүт. Жас бұзау енесінің барлық сүтін тауыса алмайтындығынан сауылған сүтті суға қайнатады. Мысалы: Сүт құйылған ыдысты су құйылған ыдыстың ішіне салып. Міне осының нәтижесінде пайда болатын сүт өнімі уыз деп аталады. Дәмі… дәмі енді керемет! Мынаған ұқсайды деп айта алмаймын. Майлы сүттің уызы сарғыш, майы аз сүттің уызы ақ болады.
