4 жасар Әбіләкімнің сиямен салған суреттері
Неге сиямен? Қазір күйемен, құммен, бидаймен не болса сонымен сурет салатындар көп қой. Ауыл жаққа барып ескі сандықтан 4 жасымдағы салған суреттерім бар блокнотымды таптым. Бертінге дейін 4-5 жастағы салған суреттерім бар дәптерлер сурет альбомдары жатушы еді. Кейін тағы іздестіріп көруім керек болды))))
Барлық балалар секілді мен де адамды салыппын.
Мынау матасекіл теуіп бара жатқан адам. Сірә, матасекіл тебетін атам да болуы мүмкін бұл суреттің басты себепкері.
Жүк машинасын тіркеп келе жатқан трактор. Ағаларымда жүк мәшине де тракторда болған.
Жайлауда өскен бала болғандықтан менің киіз үйді салмауым мүмкін емес.
