Күнді көрдім (Güneşi gördüm)
Соңғы көрген киноммен бөліскім келді. Атақты түрік әншісі Махсун Кырмызыгүлдің фильмі, Махсун бұл кино арқылы да тек қана жақсы әнші емес жақсы режиссер, актер екенін де дәлелдепті.
Кино 25 жыл бойы Түркияның шығысында террормен алысып келе жатқан халықтың өмірін суреттейді. Ауылдарын тастап кетуге мәжбүр болған отбасылар, надандық, Стамбулдағы қатігез өмір, шетелге қашу, барлығы жақсы суреттелген бұл кинода. Егер түрікше білмесеңіз ағылшынша субтитрін оқып, қарауыңызға болады. Керемет фильм.
Фильмнің трейлері:
Фильмнің толық нұсқасы:
