Ескі архив · 03.05.2011 07:57

Қорққанға қос көрінеді

08:30 да болған жер сілкінісінен кейін маза қашты. «Қорққанға қос көрінеді» дегендей ары бері жүрмін. Аяқтың астына оратылған мысықтың құйрыған байқаусызда басып кеттім. Ащы дауысы шығып, жылаған кейіппен далаға қашты. Ту, епты Ojdan айтып еді «мысық жыласа, далаға қашса – жер сілкінісі болады» деп. Ал қорқа бастадым. Шөп салатын уақыты өткен соң ба сиыр мөңіреді… Қойлардың да «настрениесі жақсыға» ұқсамайды… Ауада бұлттар да шашақталып тұр ма?.. Соларды ойлай берген соң ба тыныс та тарылып барады… Таңғы асқа жайғастық. Қонатын жер таппағандай тура кесеге шыбын құлады. Kilyzaman «Шыбынның қанатының пайдасы бар» деген еске түсті де қасықпен үстінен батырып, батырып жіберіп, «таңғы несібені қалдырмайды» деген ырымға сүйеніп тартып жібердім… Бес минут өткенде «жүрек айнып бастады»… Далаға жүгірдім… Мені көріп барлығы далаға жүгірді… Тәліптің, ақыры жер қимылдайтын болды...
Авторы:
edige

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту