Қымызмұрындық немесе биебау
Басқа жақтарды қайдам біздің Жаңаарқа көлемі сәуірдің соңы, мамырдың басында жаппай бие байлап қымыз ішуді дәстүрге айналдырған. Жас (көк)шөптің бойындағы барлық құнарлық бие сүті арқылы адамға тарайды.Міне, осы кезде біздің жақта ауылдастарын алғашқы қымызды ішкізтуге шақыратын дәстүр бар. Қымызмұрындық немесе биебау деп те атала береді.
Еттен кейін қымыз беріледі. Шәй дегенге жол жоқ бұл күні.
