Ескі архив · 04.05.2011 08:54

АҚҚУЫМ АСПАНДА ЕМЕС, ЖЕРДЕ МЕНІҢ

Аққуым аспанда емес, жерде менің, Әнінен тоқсан толқып тербелемін. Келгенде шынтуайтқа, көзбе-көзге, Секілді көктен алыс жер дегенім. Аққуым аспанда емес, жер бетінде, Сұлулық тұр тояттап келбетінде. Сол болып шырт ұйқыдан оятады Мазасыз таңда бұлбұл, жел де түнде. Солардың ұйып тыңдап тынбас әнін, Сарылып түнмен, таңмен сырласамын. Кетеді асықтырып таң да, түн де Дүниеде жүрсің бе деп мың жасармын. Қайтейін, төзем тағы мен дертіме, Тимесін аққуымның жел бетіне. Дауысын жүрегімнің бір есітер, Әндетіп жүрсе болды жер бетінде. Жұбан Молдағалиев Неғой, мына әшуләнің бір екі сөздері ұнады, содан жазғанымғой...
Авторы:
direct

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту