Дебют! Жаңа ғана қамаудан шықтым:)
Жаңа ғана лифттен шықтым!
Шынымен айтам:)
Қысқасы, магазинге шығып едім. Кіріп келе жатып лифтке міндім. Тоғызыншы этажға шығам деп 9 нөмірін басқаным сол еді, лифт кішкене жүрді де тоқтап қалды…
Құтқару қызметі, полиция, лифтер, тіпті сантехникке дейін звандап шықтым. Біреуі де көтермейді…
Сонымен бір жарым сағат лифттің ішінде отырдым нақ:)
Бір қызығы шығуға көмектескен жаңағы аталғандардың ешқайсысы емес, қарапайым көршілер!
Бастарыңызға келмесін, қиын болады екен. Бүгіннен бастап намазда дұға еткенде: «Я Аллах, лифтіде қалдыра көрме» деп сұрайтын болам.
Кішкене кеңес:
Егер шұғыл шаруалар болып тұрса, лифтіге шыға көрмеңіз!
Кішкене алғыс:
Мені сондай сұрапыл азаптан құтқаруға көмектескен Мервеге, Режепке, және екі орыс апайға алғысымды білдіремін:)
Ал енді аман-есен түнектен шыққанымның құрметіне тек қана осындағы барлық Керекшілерге арналған музыкалық сәлемдемемді қабыл алыңыздар!
