Ескі архив · 04.05.2011 17:28

Графика

Күнделікті пайдаланатын бағдарламалар ішінде сурет өңдейтін бағдарламалар да маңызды орын алатынын атап айтқанды жөн санап отырмын. Ия, пәлендей деп айтатындай эксперт болмағаныммен күнделікті жұмыс барысында пайдаланып жүрген 2 бағдарлама бар. Олар Gimp және Inkscape. Gimp — фотошопқа ұқсайды, суреттің кез келген форматын өңдеуге икемді, интелектуалды түсінікті. Убунту Ож-ң әдепкі бағдарламаларының қатарына енген, ОЖмен бірге орнатылады. Виндоусқа арналған нұсқасын мына жерден алуға болады. Тегін таратылатын бағдарлама. Inkscape — Тура CorelDrawды көрсең сол, векторлық суреттермен жұмыс жасайды. CDR форматын қолдамайды. Бұның да виндоусқа арналған нұсқасы бар, тек виндоус үшін ауыр программма. Убунтуға терминалға бір команда жазып орната салуға болады: sudo apt-get install inkscape
Авторы:
sigma

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту