Ескі архив · 04.05.2011 14:08

IT маманның кеңестері

«IT маманның кеңестері» Деген қауымдастық ашып қойдым, бұл менің соншалықты бір ІТ маман болғанымнан емес, керісінше осы мамандыққа қызыққандығымнан туындап отыр. Қарап отырсақ осы сайттың қоладанушылар көбісі қазақ тілді интернет қолданушылардың ішіндегі қаймақтары екен. Бәрі де қазақ интернетінің дамуы үшін шырылдап жүрген азаматтар. Ұзын сөздің қысқасы осы қауымдастыққа ІТ саласындағы әркім өз білгенін жазса, оның ішінде күнделікті компютерде кездесетін қиындықтардан құтылу амалдары, сайт жасау, блог құру, веб дизайын, пайдалы программалар, фотошоп білімдері т.б. тақырыптар қамтылса деген ой ғой менікі. Сонда бұл барлық осы салаға қызығатын қазақ азаматтарына өте пайдалы болып, қазақ интернетінің дамуына аз да болса сеп болар еді. Сайтымыз аты затына сай болар ма еді Қалай ойлайсыздар?
Авторы:
serjan

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту