Ескі архив · 05.05.2011 00:15

МҰНЫ БІЛГЕНІҢІЗ ЖӨН!

Ж А Д Н А М А 1. Көшеде діни ұйымның жиналысына шақырған уағызшылармен әңгімелеспеңіз. 2. Кез келген діни бірлестіктің сеніміндегі адаммен және уағызшыларымен өз діни көзқарасыңыз жайлы таласқа түспеңіз. 3. Егер де Сіз діни ұйымның құрылымы туралы білгіңіз келіп, сұрақ қойсаңыз, мұны ешбір агрессиясыз және жасырын кекесінсіз істеңіз. 4. Егер Сізге діни тақырыптағы парақша, кітапша немесе журнал ұсынса, рахмет айтып, сыпайы түрде бас тартыңыз. 5. Діни жиналысқа барардан бұрын алдымен өз жолдастарыңызбен, туысқандарыңызбен, не болмаса жақын адамдарыңызбен кеңесіңіз. 6. Егер де Сіз діни ұйымның жиналысына қатыссаңыз, миссионер-уағызшылардың негізгі мақсаты Сізді өз нанымына иландыру екенін ескеріңіз. Сіздің мақсатыңыз – іріткі діни ұйымның құрығына түспеу. 7. Діни жиналысқа жалғыз бармаңыз, өзіңізбен туысқаныңызды немесе жолдасыңызды ала жүріңіз. 8. Ешбір жағдайда бір-біріңізден ажырамаңыздар, бұл туралы алдын ала уағызшыға ескертіңіздер. Егер жетекшілер өз дегенінен қайтпаса, кеткендеріңіз жөн. 9. Жан саулығы мен тән саулығын сақтау үшін дәстүрлі емес діни бірлестіктердің қатарына қосылардан бұрын өз туысқандарыңыз бен жақындарыңызға зардап тигізетіңізді ойланыңыз. 10. Миссиялардың, дәстүрлі емес шіркеулердің, діни ұйымдардың қатарына қосылып, жетістік пен тыныштық табамын және өмірлік мақсатыма жетемін деп ойламаңыз. 11. Сену немесе сенбеу таңдауы тек қана Сіздің еркіңізде, сондықтан шешім қабылдардан бұрын алдымен оның қажеттілігі жайлы ойланыңыз. Ойланып, дұрыс қабылданған шешім Сіздің жан саулығыңызды ғана емес, өміріңізді де сақтауы мүмкін. Тоталитарлы ұйымдар, миссиялар және шіркеу қызметтерінің негізгі белгілері — дәстүрлі діннен және ілімнен бөлек басқа іріткі ұйым мүшелерінің дәріптеуші діни ілім уағызы; — басқа діндерді әдейі сынау және сол дінге сенушілерді «құдайдың жазасы» күтіп тұр деп сендіру; — іріткі ұйымның бас жетекшісі және уағыздаушысы болып табылатын харизмалық қолбасшысының болуы; — іріткі ұйым көсеміне жақын және онда басқару қызметіндегі адамдар тобының болуы; — белсенді миссионерлік қызмет, соның ішінде — көшеде сұхбаттасу, үнпарақ тарату, электронды БАҚ бағдарламаларын көрсету; — әлеуетті дінге иланушылар қатарына тарту мақсатында көпшілік қатысатын іс-шаралар өткізу; — іріткі ұйымға түскен кәмелетке толмағандарға баса назар аудару; — қамқорлық көрсету; — іріткі ұйымды белгілі бір бағыт бойынша топтарға бөлу; — психотехниканы пайдалану; — жаңа ұйым мүшелеріне арналған арнайы діни оқу өткізу; — жалған діни «кереметтерді» жұрт алдында көрсету үшін жарымжанды немесе психикасы қалыпсыз мүшелерді тарту; — мүшелердің физикалық тұрпатын өзгерту үшін, оларға діни аттар қойып және діни дәрежелер беріп, арнайы культтық киім киюлеріне талап қою; — қатаң діни тәртіпті сақтау; — әлеуметтік қорғалмаған адамдарды ұйым ішіне тарту үшін, оларға қамқорлық пен материалдық қолдау көрсету; — ақша төлеуді талап ету, яғни «десятиналық» төлемге отырғызу; — әдебиетті тегін және жиі тарату; — жастарды қызықтыру үшін діни жиналыстарды өткізуде жаңа әдістерді пайдалану; — ұйым кәсіпорындарында ақысыз жұмыс істеу, діни әдебиеттерді сатумен қайыр жинауды талап ету; — білімге аса көңіл аудару, өздерінің оқу орталықтарын құру; — кітапханаларға, мәдени және білім мекемелеріне әдебиеттерді тегін тапсыру; — ұйым ішінде күзету, насихаттау және басқа да міндеттерді шешу үшін арнайы бөлімшелердің болуы; — сенушілерді ұйымға қосу мақсатында — балалар және жастар мекемелерін, оңалту орталықтарын, жазғы лагерлер мен бірлестіктер құру. Іріткі діни ұйымдарда болудың зардаптары Культке тәуелділіктен құтылғаннан кейін де отбасындағы қолайлы жағдай мен психолог маманның көмегіне қарамастан, адам өзін әлуеметтік ортадан бөтенсінеді. Мұндай адамның әдеттегі қиындықтары: · Жеке ерекшеліктердің бұзылуы · Торығу · Шешім қабылдаудағы тәуелділіктен туындайтын қиындықтар · Өз өмірін бақылаудан және еркінен айрылу · Жан жарақатынан кейінгі күйзеліске байланысты жабырқаушылық · Баяу психологиялық даму · Табиғи еріктілігінен айрылып, әзіл түсінуден қалу · Психологиялық жағдайдың нашарлауы, сонымен қатар галлюцинациялардың, үрей мен мазасыздықтың ұстамалары, бағытынан адасудың, паранойяның, тұлғаның ішкі қайшылықтарының болуы · Культтан тыс достық қарым-қатынас орнатуға қабілетсіздік · Ұйқының бұзылып, қорқынышты түстер көру · Сексуалдық қиындықтар Іріткі діни ұйымның қатарынан шыққаннан кейін бұрынғы адепт абыржулы күйде болады (ұйымға қайта оралуға себеп болатын жағдай). Тоталитарлық іріткі діни ұйымның бұрынғы адептісіне жалған діндегі өткізген уақыттан туындаған психологиялық қорқынышқа тәуелсіз шынайы орта мен толыққанды өмірге оралуына жан-жақты көмек көрсету тек оның туысқандары мен жақындарының ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік органдардың және қоғамның да міндеті болып табылады. С О Ң Ы Ң Ы З Д А Н Қ А Л М А Ғ А Н У А Ғ Ы З Ш Ы Ғ А О Н С Ұ Р А Қ 1. Қашаннан бері топта мүшесіз? Алдымен алдыңызда тұрған адамның кім екендігін біліп алғаныңыз маңызды. Топ құрамына енгеніне аз уақыт болған адам болса, оның жауаптары да соншалықты шынайырақ болады. Өз сұрақтарыңызға нақты жауап беруді талап етіңіз. 2. Сіз мені белгісіз бір ұйымға тартқыңыз келе ме? Көп жағдайда ол Сіздің өзіне ұнап қалғаныңызды айтып, Сізді бір іс-шараға қатысуға немесе өз білгенімен бөлісуге шақырады. Әңгімені әрі жалғастырасыз ба, әлде сыпайы, бірақ қатаң түрде бас тартасыз ба? Өзіңіз шешіңіз. 3. Сіздің тобыңызбен байланысы бар басқа ұйымдарды атап беріңіз? Бұл сұрақты қоя отырып, сізбен әңгімелесуші адамның тоталитарлық ұйымдардың біреуіне қатысын біле аласыз. Мұндай ұйымдардың түгелі дерлік өз жанынан ұйымның мүшесі болуы мүмкін адамдарды шошытып алмас үшін бүркенші ұйымдар құрады. 4. Сіздің тобыңыздың негізін қалаушысы немесе жоғарғы жетекшісін атаңыз? Бірден барынша дұрыс жауап алуға тырысыңыз. Сіз жауап естімеуіңіз де мүмкін. 5. Ұйым басшысының өткен өмірі және алған білімі қандай? Басшының шынында да сол адам екенін білу маңызды. 6. Сіздің топ неге сенеді? Мақсатқа жету үшін әртүрлі амалдарды қолдануды қажет етеді дегенге сенесіз бе? Кейбір жағдайларда адамды алдау дұрыс деп ойлайсыз ба? Көпшілік жинаушылар өз ұйым ілімін көшеде түсіндіруден бас тартады. Олар Сізді қадала өздеріне шақырады. 7. Егер сіздің ұйымыңызға кірген жағдайда өз өмірімді қалай өзгертуге тиістімін? Неден бас тартуым керек? Нені құрбан етемін? Сізге еш талап қойылмайды, бұрынғы өмірлік жолыңызды жалғастырып, алдыңызға қойған талаптарға бөгетсіз жетесіз деп сендіреді. Бұндай жағдайда күмән тудырыңыз. 8. Өз ұйымыңыздың қызметін даусыз деп ойлайсыз ба? Ұйымыңызға қарсы шыққандар қандай дәлел келтіреді? Бұл сұрақ әңгімелесушінің қандай деңгейде мәліметтенгенін немесе ашық және шынайы сұхбатқа дайындығын көрсетеді. 9. Ұйымның бұрынғы мүшелері туралы Сіз не ойлайсыз? Олардың ұйымнан шығу себептерін білесіз бе? Сіздерге ұйымнан шығып кеткен адамдармен қарым-қатынас жасау рұқсат етіле ме? Бұл сұрақ Сізге көп нәрсенің басын ашып береді. Ешбір беделді ұйым бұрынғы мүшелерімен қарым-қатынас жасауға бөгет етпейді. Іріткі культтерде жағдай басқаша. 10. Ұйымыңыз бен жоғарғы жетекшіңіздің өзіңізге ұнамайтын үш жағымсыз жағын атаңыз? Ешқашан ешбір іріткі ұйым мүшесі ұйымның осал жақтарын ашып айтпайды. Оларға өз ойларын айтуға, өз ұйымы мен жетекшісін сынауға тыйым салынады. мына жерден
Авторы:
KILYZAMAN

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту