Жиде гүлдегенде...
Жиде гүлдегенде ауыл жаққа бір барып қайту керек еді. Өсімдіктерден осы жиденің гүлінің иісі жынды болады енді. Көбі жусанның иісін аңсап жатады. Маған осы жиде мен ақ акация гүлінің иісі ұнайды.
Соңғы кездері ауылға барып қайтуға да себеп азайып барады. Просто так барып келемін ғой деймін :))
П.С.: Лібә, жиденің орысшасы «лох» екен ғой. Жақында ғана білдім. Бірақ Гуглдан «джида» немесе «лох растение» деп іздеген дұрыс екен. «Лох» десең, басқа бірдеңелер атып шығу ықтималдығы жоғары :))
Сурет мына жерден алынды.
