Бірден іске көшсек?
Уақытым бола бермейді, жұмыс көп дегенімізбен реті келсе әр нәрсеге уақыт бөлеміз ғой. Бірақ, біз сол уақыттың қадірін жақсы біле бермейтін сияқтымыз. Басқаның уақытын сыйламаймыз.
Маған онлайн отырған кезімде көп адамдар сұрақ қойып, хабарласады. Мүмкіндігімше жауап беремін. Телефонмен де солай. Бірақ, маған ұнамайтыны біздің адамдардың бірден іске көшпейтіні. Алдымен екі жақты сәлемнен кейін, қалымның қалай екені сұралады, жұмысымның қалай екені сұралады, үйдегі жеңгей мен ұлымның жағдайы сұралады. Сосын барып өзінің проблемасын айтады. Мазалағанына кешірім сұрайды.
Бұл жерде егер сәлемнен кейін немесе ешқандай сәлемсіз бірден шаруасын айтса қатты мазаламаған болар еді. Менің қалым, жұмысым басқаны қызықтырмауы керек деп ойлаймын. Егер денсаулығым нашарлап қалса, жаман бірдеме болып қалса онсыз да өзім айтар едім немесе жаман хабар тез тарар еді. Сондықтан ешкім алаң болмаса екен деймін. Өз басым ешкімді бұлай мазаламаймын, қарсы жақтың уақытын алмай бірден шаруамды айтамын.
Уақыттарымызды бағалайық ағайын.
P.S Google жақсы іздеуші.
