Ескі архив · 06.05.2011 10:31

"Керек" жігіттер, мейрамдарыңмен!

Қымбатты достар, бауырлар, аға-інілер! 7 мамыр мейрамымен шын жүректен құттықтап, бастарыңа бақыт, денсаулық, сәттілік тілейміз. Отбасының қорғаны, ата-ананың үмітін ақтар азаматы болуларыңа тілектеспіз! Құт-тық-тай-мыз, уррраа! Тағдыр мынау бір сүріну, бір құлау, Өзі-ақ салар мойыныңа қыл бұрау. Шала берме аяғынан еркектің, Еркек деген құдірет қой құрбым-ау. Еркек деген нәзіктікке жақын ел, Тек оларға бірақ нәрсе ақыл ем. Банка қойғын тырысса егер арқасы, Бас тырысса әкеп бергін похмель. Отбасында болсын десең дұрыс хал, Ашуланба долданбағын дұрыстал. Еркек деген қанша мықты десек те, Бір-ақ рет морт кететін хрусталь. Еркектерді аялау да, әлпештеу де ерсі емес, Өйткені ол келіп-кетер құдаң емес, көрші емес. Еркек деген қара табан, қара жаяу жүрсе де, Еркек деген шестисотый мерседес. Мынадай нағыз еркек болыңдар:)) ПыСы: Өлеңнің авторы белгісіз. Суреттерді өзім түсірдім:)))
Авторы:
sammita

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту