Орташа есеппен қазақ қызы
1 — Орташа есеппен қазақ қызы бойы 1.90, денесі сымбатты, карьерасы бар, білімді және бай, Бред Питт типіндегі бір жігітпен тұрмыс құрғысы келеді. Сондықтан біраз жыл адам таңдап үйде отырып қалады. Бірақ, соңында Сейфуллин Жолбарыстың бойындай, көріксіз, білімсіз бір типке күйеуге шығады. Бақытты екендерін айтады. Бір жылдан кейін балалы болады, жаңа мәселелер пайда бола бастайды. Қашып кетеді немесе айрылып кетеді.
2 — Қазақ қызы өзін өте биіктерде көреді, Синди Крауфордтай әдемімін деп ойлайды. Көшедегі жүрісі де сондай. Еркектерді өзіне ғашық етіп, не айтсам соны істете аламын деп ойлайды. Негізі оларды мұндай қылған біз еркектер. Мән бермей жүре берсек, бәрі біздің қолымызда болар еді.
3 — Өкінішке орай ОЕҚҚ ақымақтау. Білім деңгейлері әншілердің аттары мен өлең сөздерінен әрі аса алмайды. Саясат, ғылым, спорт тақырыптарында жөні дұрыс сөйлем құра алмайды. Құра алмау себебі — миларындағы ақпаратқа бөлінген орынның өте кішкентай болуы. Тіпті сөйлем құрауға тырыспайды да. Бірақ еркектерді ақымақ және тек секс туралы ойлайды деп ойлайды. Олардың ойынша еркек қыздың ішіндегі жұмбақты шеше білуі керек.
4-ОЕҚҚ болашақ туралы бас ауыртпайды. Күйеуге шыққасын күйеуім бағады ғой деп бір мамандықты игеруді де ойламайды. Ақшасыз жүреді. Ешқашан ақша жинамайды. Тек қысқа мерзімді жоспарлары үшін ақша жинайды. Одан басқа алдағы уақыт үшін көп бас ауыртпайды.
5- Қазақ қызының қолынан көп нәрсе келмейді. Жұмысты да көп түсіне бермейді. Секретарша немесе бухгалтер боkу оларға жарайды. Сіз программист немесе вебмастер қыз көрдіңіз бе? немесе электр сымдарын шұқылап, тағып жүрген? Қолдарынан тамақ пісіруден басқа ештеңе келмейді. Тамақтың өзін көбісі дұрыс пісіре алмайды.
6- ОЕҚҚ әзілді де дұрыс түсінбейді. Дұрыс күле де алмайды күлдіре де алмайды. Ең топас анекдотарға да күледі. Өте жіңішке әзіл айтылған кезде түсінбей қалады.
Күлдіруге келетін болсақ мүлдем күлдіре алмайды. Жақында 28-ге толамын мені естен кетпейтіндей күлдірген қыз көрген жоқпын әлі.
7-ОЕҚҚ секстен қашады әрдайым. Алайды секс туралы еркектерден көп нәрсе біледі. Өз құрбылары арасында еркеrтер білмейтін көп нәрсе туралы әңгіме қылады. Бірақ та сезімдерін және табиғи сұраныстарын баса біледі.
8- ОЕҚҚ компьютерді түсіне бермейді. Бар білетіндері Ворд, аська, мэйлагент, бухгалтер программалары. Бірақ солардың өзін дұрыс қолдануды білмейді. Өйткені бұл прогаммалар оларға шынымен ауырлау.
9- Қазақ қызы ғылыми, детектив немесе соғыс киноларын ұнатпайды. Романтикалық киноларды ұнатады. Титаник сияқты бір апатты суреттеген фильмді олар романтика фильмі ретінде қабылдап, соған жылап отырады.
10- Олардың түсінігінде спорт — фитнесс немесе үлкен көтендерді арықтататын неше түрлі жаттығулар. Соның өзін дұрыс істемейді немесе бармайды, кейін тастап кетеді. Нәтижесінде түк те арықтамайды. Тұрмыс құрғаннан кейін көбісі семіріп кетеді. ТВден шетелдің әйелдерін көріп, таң қалып отырады “ап-арық ай ә” деп. Адам кішкене болса да дұрыс тамақ ішу керек қой, біздікілер дұрыс тамақтануды да білмейді.
кезінде мақалаға жазылған қызық пікірлер:
akzere:
Орта есеппен қазақ қызы қара немесе қоңыр куртка киеді және ұзын етігінің ішіне кіргізіп джинсы киеді.
Қосу мен алуды білсем болды, ең бастысы күйеуге шығып алсам болды, ертең күйеуім асырайды деп ойлайды.
Өзінен әдемі, мықты, ортасында танымал және көпке қол жеткізген қызды көре алмайды, оны бір бұзылған деп ойлайды.
Көбінесе осындай қыздар көп. Сонымен қатар бұдан ойлары жоғарылар да және бұдан, одан да төмен ойлайтындары да жетерлік.
satibaldi:
Арақты атын атамаңдар, кәпірдің деп жүріп, пидрушкаларымен виноны сілтеп, типі сыр айтысады…
Symbat:
Ащы шындық… Аршат күшті жазыпсың, қоғами критика, яғни қоғамға критика. Айта кетейін дегенім, орташа қазақ қыздарының осындай болып қалыптасуына не себеп? Осы жайында жазба оқитын күн бар ма?
— Мәденитіміздің қандай үлесі бар
— Менталитетіміздің қандай ықпалы бар
— Дініміздің не ықпалы бар
Мен оқуға түсетін кезде біздің бір көрші қоймайды папамдарды қайрап, не қыласыңдар ЖООға түсіріп, ақыры соның жемісімен күйеуін асырайды, одан да кезкелген бір колледжге бере салыңдар. ЖООны бітіргенше жасы келіп отырып қалады немесе оқуын бітірмей байға тиіп кетеді деп қайта-қайта айтқаны бар. Босқа шығын деп… Қыз деген керемет бастық боп жетістіреді дейсің бе деп. Осылай ойлайтын еркектер де баршылық. Біздің мектептің директорына әйел кісі келгенде бүкұл еркегі бар, әйелі бар дүрліккен. Ой сол не тындырады дейсің деп. Осындай сөзден кейін әйел кісінің қоғамдағы рөлінің қандай екенін байқауға болады. ОЕҚҚыздарының осындай болуына таң қалатын түгі жоқ..
Асель:
Құрметті Аршат! Қазақ қыздары тек осы 10 критерийлермен ғана шектеледі деп ойласаныз, қателесесіз деп ойлаймын. Жоқ, жоқ, критика деген жақсы ғой, және де мен — феминистка емеспін. Бірақ біз егер дәл жоғарыдағыдай болсақ, күніміз қаранғы екен. 10 пункттердін 1-не де өзімді жатқыза алмадым. Мен, мысалға, жігітердін барлығы бірдей деп ойламаймын, әр адам әртүрлі. P.S. Ресейде 38 жасар Гүлжан Молдажанова деген қазақ қызы металлургия саласында бүкіл орыс елінін активтерін (23 млрд АҚШ доллары) басқаратын болыпты.
Гастарбайтер:
Логикасы мен ойлау қабілеті, әзіл талғамы көп жігіттерді шаң қаптыратын қыздар да бар.
Контингентке байланысты, тұрған жеріне, статусына десем ше?
Сосын, “эрудит қыздардың бәрі жақсы” деген де біржақты пікір. Маған Тина Канделаки қатты ұнағанымен, кейбір мінезі жеңілдеу қыздарға “аңқау болған сондай жарасады…
сурет: alashainasy.kz
