Бұрынғы министрмен жүздесу
Сіздер байқадыңыздар ма, байқамадыңыздар ма білмеймін...Өзім байқадым, мен инет әлемінен екі-үш күнге жоғалып кеттім. © Abilakim
Жеңіс күнінің мерекесін пайдаланып ауылға тартып кеттім. Әй бір ауылдың таза ауасымен рахаттана дем алып, қол талғанша қара жұмыс істеп мәз болып қалдым. Содан 8 мамыр күні біздің ауылдың қасындағы Талапты деген ауылда жарыс болды. Футбол, шахмат, күрес, дзюдо және т.б. Мен ешқайсысына қатыспасам да, барып көріп қайтуды өзіме парыз санадым. (@Ahi кетнақ) Содан әкейдің машинасына мініп тартып кеттік. Жарыс қызық болды. Ол туралы жазбай-ақ қояйын, қызық емес шығар. Негізгі мәселеге көшейін.
Бұрынғы білім және ғылым министрі болған Жақсыбек Құлекеевті біреу білсе, біреу белмес. Талапты ауылы сол кісінің туған ауылы. 8-і күнгі жарысқа сол кісі де келіпті. Жарыстарды тамашалаған сол кісі қайту үшін есікке беттеді. Сол ақ екен айнала жұрт жапа тармағай амандасып жатыр. Мейлі ғой, егер амандасып, жөн сұрасып, таныс-біліс болса. Әншейін қол алғанның несі мұрат? Жағымпаздық? Қызметі үлкенді артық көру? Қысқасы ауылдастарымның осы әрекетін түсіне алмадым.
Мен ол кісімен амандаспадым демей ақ қояйын. Мен амандасқанда қолын алып тайып тұрмадым. Өтіп жатқан жарыс туралы біраз әңгіме айтыстық.
P.S. Менікі мақтан емес, жай өзімнің ойыммен бөлісу еді. Жаңа «мәліметтер» деген қолданушының абдыраған жағдайын көріп есіме түсіп кетті.
