Ескі архив · 10.05.2011 14:49

Мұрат Әбеновтың сұхбаты туралы

Мұрат ағамызды алғашқы рет «Блогқұрылтай» алдындағы бір жиналыстарда кездестіргенмін… Жақсы кісі ғой, жастардан қалыспай заманның ағымына сай тірлік етіп жүр..Қазақ интернетінің жанашыры екені байқалады… Бірақ, все таки, саяси ролі бар ғой… Саяси популизмге тартатын… Жалпы үлкен респэкт ол кісіге… Енді сұхбатына келейік… Интернеттен бүгін «Караван» газетіне шықққан, қозғай қозғай әбден жауыр болған тақырып "Қазнеттегі қазақшаның жағдайы" туралы сұхбатын айтамын… Біріншіден тақырып туралы сөйлесуден бас тартар едім өз басым… Интернетте қазақ тілі проблемасы жоқ, Қазақстанда қазақ тілі проблемасы бар… Барлық проблема осыдан туындайды… Менің ойымша журналистер жазатын тақырып таба алмаған кезде осы сияқты «дежурный» тақырыптарға барып бас сауғалайтын сияқты..«Домбырам не дейді, мен не деймін» деген сияқты, әлемнің мәселесі басқа, біздің мәселеміз басқа..Қазақстанның күн тәртібіндегі мәселелерге қарасам «Суырдың күні» (День сурька) киносы есіме түседі, бір күн қайталана береді, қайталана береді демекші… Екіншіден Мұрат ағамыздың жауабы класикалық жанрда..«Мемлекет көмектеспесе түк шықпайды»… Осы Аршат мемлекеттің көмегісіз-ақ жұмыс істеп келеді… Оны көріп жатқан ешкім жоқ… Мемлекет кімге көмектеседі? Көмек алғандарды көріп жүрміз ғой… Бөлінген ақшаның тиімсіз игерілетінін көз көріп, құлақ естіп жүр емес пе?! Бұны ағамыз білмей ме? Бәлкім білмейді, бәлкім біледі… Бірақ сонда да депутат ретінде берілетін жауап осы болуы керек… Басқа жауап күту әбестік… Енді сұхбаттың шарықтау шегіне келдік… – Назовите самые интересные, на ваш взгляд, казахоязычные страницы в Интернете… – “Арка акпарат” – это один из казахоязычных интернет-ресурсов, где публикуются как политические и экономические новости, так и малоизвестные факты из истории казахской журналистики. Не менее привлекателен национальный портал “Массаган”, который уже давно стал популярной социальной сетью. Весьма интересны и привлекательны блоги на государственном языке, которые, как правило, ведутся на платформе wordpress. Духовный недостаток Казнета прекрасно восполняют сайты “Абай.кз”, “Мiнбер.кз”, “Замандас.кз”, которые созданы специально для развития казахского языка. Вообще стоит отметить, что до сегодняшнего дня многие интернет-ресурсы на казахском языке создавали немалый резонанс в обществе. Все это говорит о том, что у наших блогеров есть огромный потенциал. «Арқа ақпаратқа» жарайды енді, талғамға талас жоқ..«Массаған» тарих болып кеткелі қашан… Ал енді қазақ тілін дамыту үшін құрылған сайттар туралысын білмеймін енді… Осы тізімге «Керекинфо» кірмес пе еді? Кірер еді… Интернетке жаны ашитын адамға осындай өз күшімен, өз еңбегімен көтеріліп келе жатқан веб ресурсты неге осындай кезде атап жібермеске, жарнамалап жібермеске деймін де… Ех… деймін… Мұрат ағамыз тақырыпты меңгере алмаған екен..Қамти алмаған екен… Бұл сұхбатына үлкен «МИНУС» қойдым…
Авторы:
Bekjan

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту