Ескі архив · 11.05.2011 20:37

Еуропасымақ қазақтар

Лібә, бір күні Алматыдағы қадеге бардым. (Түсініктеме: "Қаде" деп батыс өңірінде қайтыс болған адамға қатысты жасалатын рәсімдерді айтады. Мысалы: Үші, жетісі, қырқы, жүзі, жылы). Молда өсиеттерін айтып, ақсақалдар әңгімелерін бітіре берген сәтте бесбармақ (кімге бешбармақ) әкелінді. Ет туралған соң, «жеңдер-жеңдер» деп біздерге — қонақтарға итермелей бастады. Мен бірден кірісіп кеттім. Бір заманда басымда көтерсем — адамдар маған алара қарап отыр. Өзім қаде рәсімдерінен шорқақтау едім, істеуге болмайтын нәрсені істеп, бірдеңе бүлдіріп қойдым ба деп қысылып қалдым. Біраздан соң түсіндім — мен мәмбет болып қалыппын. Менен басқалары сызылып шанышқымен жеп отыр екен бешбармақты. "Әбілязовтың" дедім іштей. Еуропалық болған түрлерін-ай. Бесбармақ бес бармақпен желінбесе ол несіне бесбармақ? Соңғы уақытта осындай "әдептілік" үрдісі қалыптасыпты. Бәрі жапа тармағай шанышқымен бешбармақ жейді. Жақсы, бір жерге асығып бара жатып, қолыңды бүлдірмеу үшін шанышқымен атүсті «ауыз тидің» делік. Жақсы, қол жуатын жері жоқ жерде қоректендің делік. Олар кешірімді. Ал мынандай қазақы ортада ол артықтау енді.
Авторы:
patick

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту