PETA-ның акциялары
PETA — Жануарларды қорғау ұйымы. Өткен жылы әлемнің түрлі жерлерінде бірнеше акция жасаған екен. Соларды қарап өтейік:
Олардың ойынша вегетариандар етжегіштерге қарағанда секспен жақсы айналысады.
Лондонда ақпан айында! өткен акцияға екіқабат әйелдерді шақырыпты, мақсат — ет үшін жануарларды өлтірмеу.
Ал мынау Испанияда, корридаға қарсы акция.
Ливанда басқа мәселе құрып қалғандай PETA ливандықтардың жануарлардың жыныстық қатынастарын, артық көбеймеулерін қадағалауын сұрайды.
Нью-Йорктағы етке қарсы акция. Өліктің етін жеп жүрсіңдер дейді олар :)
McDonald's-ке қарсы «балапандар».
Таиландтағы жылан терісін қолданушыларға қарсы акция.
Мына акцияларына енді қол шапалақтадым. Танымал дизайнер Донна Каран өнімдеріне қоян терісін қолданғаны үшін PETA мүшелері Донна Каранның Facebook-тегі бетіне шабуыл жасаған. Әр қайсысы аватрларына бір-бір әріптен алып, бірінен кейін бірі жазып кеткен. Нәтижесінде DK Bunny Butcher (ДК қоян қасабы) деген сөз шығады.
