Ескі архив · 12.05.2011 11:22

"Адалдық өткелі" әні

Адалдық өткелі Сөзі: Ақмарал Леубаева Әні: Жарылқасын Дәулетов 1. Сүйетініме шүбәм жоқ, Сүймей ме деген күмән көп. Түстім бе деген тура жол, Көрінбейді тұман боп. Қайырмасы: Бақытқа толы мұң-кесем, «Жалған» дер дұшпан «шын» десем. Қай жаққа болсын кетер ем, Қолымнан ұстап «жүр» десең. 2. Көзіңді жұмып тұнығым, Соңымнан ерші, құлыным. Өзгелер қолы жетпеген, Өзіңмен өтсін ғұмырым. 3. Тағдырға сенбей болмайды, Шын бақыт екі қонбайды. Адалдық дейтін өткелден, Көп адам өте алмайды. ПыСы: @TERISKEY рахмет әнді бергеніңе:)
Авторы:
sammita

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту