Ескі архив · 12.05.2011 16:48

Бүгін Қазақ футболының аңызы Тимур Сегізбаевтың туған күні

Қазақ футболының бағына қарай елуінші жылдардың елең-алаң ортасында жасөспірім Тимур халықтық ойын футболды қалады. Оның спорттық өмірінің өрелі жо­лы, қанат қаққан қия шыңдары, ойын өрнегі, шеберлік деңгейі фу­т­бол қазақтың қанына дарымаған деп әлі күнге көкитіндердің сөзін осыдан жарты ғасыр бұрын-ақ жоқ­қа шығарып қойған-ды. Отан­дық футболдың бүгінгі жай-күйі мүшкіл болса, ұлттық құрама ха­лық­аралық жарыстарда құлап-сү­рінуден жазбаса, оған кінәлі қазақ­тың қаны мен жаны емес. Оған кінәлі осынау бар халыққа сүйікті спорт түрін дамыта алмай, қаулап өскен қаншама жас түлектердің ара­сынан кезіндегі Тимурдай та­ланттарды таба алмай, соларды дұ­рыс баули алмай отырған футбол төңірегіндегі дарынсыз функционерлер деп білеміз. Әйтпесе, қазақ футболды ешқашан жатырқап, жат­сынбаған. Көкпары, жамбы атуы, жаяу бәйгесі, арқан тартыспағы, асық атыспағы, ат үстінен күміс ілуі, аударыспағы, басқа да қызу­қанды спорттық ойындарының неше атасы болған халқымыздың футболды да әу бастан-ақ жанын­дай сүйгендігіне дәлелдер көп. Таратып айтар болсақ, әңгіме ұзап кетпек. Ал, дәлелдің ең үлкені сол, футбол қазақ өрені Тимур Сегіз­баевтың бүкіл тағдырына, ал Сегізбаев қазақ футболының басты тұлға­сына айналғандығы. Мақала толығымен мына жерде. Сурет: ffk.kz
Авторы:
seken

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту