Ескі архив · 12.05.2011 17:00

Бұл елес пе?

Астанаға келе салып 2 күн ауырып алдым. Ауа райы жақпаған шығар деп ойладым. Өйткені мен келген күні күн суықтау болғандықтан, бірден мұндай суықтықты көтере алмадым деп шамаладым. Аршаттың @asaubota «Бұл жерге келген Алматылықтардың барлығы ауырып қалады» деген сөзі есімде қалып кетіпті:) Бірақ Астанаға келген күннен бастап, тек қана ауырдым десем, өтірік болар! Әйтеуір күнде көзіме бір нәрселер елестей бастады. Қайда бассам да сол адамның бейнесі көз алдымнан кетпей тұра беретін болды. Тіпті, бөрі қабағымен қарап тұрған сұлбасы бойыңа еріксіз үрей әкеледі. Соңында өз-өзімнің ақыл есіме күмәндана бастаған соң сіздермен пікір бөлісіп, сұрауды жөн көрдім. Айтыңыздаршы, Керекинфода әр жазылған посттың астында сіздерге де @Abilakim-нің (Айсұлтан Жақыпов)кастюм киіп түскен суреті көріне ме?:)
Авторы:
blackbeard

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту