Ең нашар газет сайттары
сурет: Азаттық радиосы
Қазір қазақ сайттарының басым көпшілігі ақпараттық, яғни БАҚ өкілдері сайттары. Оның ішінде газет сайттары. Бүгін сол газет сайттарының ішіндегі ең жамандарынан бір жинақ жасап отырмын.
Бұл жинаққа енбеу үшін сайттың қандай ерекшеліктері болуы керек:
— Сайт навигациясы түсінікті болуы қажет.
— Оқырманмен интерактив болуы керек, пікір жазу, форум, сауалнама т.б
— Мұрағаты түсінікті болуы қажет, айдарлар бойынша мұрағат немесе уақыты бойынша.
— Сайт тілі және кодировкасы қазақ тілінде болуы керек.
— Газет туралы ақпарат, редакция құрамы, газет тарихы, байланыс, жазылу туралы ақпарат.
— RSS немесе электронды жазылу мүмкіндігі.
— Ақпаратты басқалармен бөлісу мүмкіндіктері.
— Сыртқы келбеті, түстері, шрифттары бірқалыпты болуы тиіс.
Осы талапқа сай келмейтін газет сайттары:
• — Айқын www.aikyn.kz
• — Түркістан www.turkystan.kz
• — Жас қазақ jasqazaq.kz
• — Қазақстан Заман www.kazakzaman.kz
• — Орталық Қазақстан ortalyk-kaz.kz
• — Ақмешіт ақшамы www.agmeshit.kz
• — Жетісу zhetysu-smi.kz
• — Оңтүстік Қазақстан oks.kz
• — Астана ақшамы astana-akshamy.kz
Бұлай болуының басты себептері:
— Газет басшыларының газеттің электронды нұсқасына немқұрайлы қараулары.
— Сайтқа жауапты адамдардың техникалық білімдерінің жетіспеуі.
— Сайтты арзан жолдармен жасату.
— Сайтты қазақша білмейтін адамдарға жасатуы.
Нәтижесінде газет қанша мықты болса да сайттары интернетте сол деңгейге жете алмауда. Интернетте де оқырман аудиториясы бар екені ескерілмеуде. Газеттің электронды нұсқасы арқылы да газетті танымал қылып, жарнама берушілерді тартуға болатыны түсінілмеуде. Қазақша сайт жасап көрмеген, қазақша әріптермен жұмыс істеп көрмеген жасаушылардың арқасында сайт бетінде техникалық және грамматикалық қателер көп. Сайтты жаңартып отыратын редактордың техникалық білімінің аз болуына байланысты газет сайты стандарттарына сай келмеуде.
