Ескі архив · 12.05.2011 13:08

linux Ubuntu -да бағдарламаларды қалай орнатамыз?

Виндоустан тек көшкен кезде қатты қиналғам. Бір қараңғыдан шыққандай болдым, Билл көкеміз біз үшін бәрін өлшеп пішіп берген екен, творчествоға дым қалдырмаған екен. Install.exe екі шерткен соң „далее„ баса бер. Ubuntuда бағдарлама орнатудың бірнеше түрі бар, және бұндағы орындалатын (исполняемые) файлдар виндоустағыдай *.exe, *.bat деп шектелмейді, кез келген файл орындалатын файл бола алады. Тіпті *.txt файлы да. Сонымен 1. Негізгі (исходные) файлдардан қажетті библиотекаларды жинап компиляция жасау арқылы, (Бұл әдісті толық меңгере қоймағандықтан кейінге қалдырып отырмын) 2. *.deb файлдардан орнату, негізі бұл *.deb = *.exe дегенге ұқсайды, екі рет шертжіверсеңдер болады. Немесе терминалда: sudo dpkg -i файл_аты.deb 3. apt-get, aptitude командалары арқылы, яғни терминалға былай жазасыз: apt-get install пакет_аты aptitude install пакет_аты 4. Синаптик орнату менеджері ақылы, бұл өте оңай жол, яғни түсінікті интерфейсі бар. Осыған қоса айтып кететін: dpkg -r файл-аты бағдарламаны өшіру apt-get remove пакет-аты пакеттерді өшіру apt-get update пакеттерді жаңарту
Авторы:
sigma

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту