Ұнаған текстік редактор (Ubuntu )
Кейде жұмыс бабымен болсын, тек өзің үшін болсын текстерді өңдеуге тура келеді. Көбіне html, php кодтар. сондықтан жай ғана блокнот жеткіліксіз. Бұрын видоуста жүрген кезде litepad пайдаланушы едім, шыны керек ол редактордың мүмкіндіктері аз болғандықтан линуксқа арналған түрін іздеген жоқпын. Жалпы линукс өзі кез келген нәрседен жиіркенбеітін ОЖ, кез келген файлды текстік редактор арқылы аша береді. Әдепкі редакторы (убунтудың) да осал емес, үлкен файлдарды әп-сәтте ашып, өңдеуге дайын тұрады. Кемшіліктерін плагиндер орнату арқылы жоюға болды. Онысын, шыны керек, қош көрмеді. Блокноттың кемтігін бүтіндеймін деп бес күн отырсаң плагин орнатып, не болғаны? Бұның басқа да шешімі болу керек деген оймен гугілдетіп Bluefish деген текстік редакторды таптым. Әрине әркімтің талғамы әрқалай, маған ұнады.
орнатылуы да қиын емес, машинеңіз интернетке қосулы болса терминалдан мынаны тере салыңыз:
sudo apt-get install bluefish
