Ескі архив · 12.05.2011 18:22

Спорттық бал билері

Бал деген француздардың «ballare» билеу деген сөзінен шыққан. Ал спорттық бал билері нағыз эстетикалық және сәнді спорт түріне жатады.Неге би болып спорт түріне жатады десеңіздер? Би өте көп энергия мен күш талап етеді. Күнделікті 1,5-2 сағат тренировкада болған биші,өте төзімді келеді. Біз қазіргі көріп жүрген бал билері Англияда 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында дүниеге келді.Ол кезде би тек байлардың, жоғарғы қоғамның ермегі болған, тек 19 ғасырдың аяғында қара халық та жиналып, «Ассамблеяларда» билейтін болды.Англия Король Үкіметі 1924 жылы жарлық шығарып « Империялық мұғалімдердің Би қоғамында» балды спорт билері бөлімін ашты.Онда осы бидің техникасы, музыкасы, билеу дегі аяқ алыс стандарттары белгіленді. Кейін көп биден, жарыстарда орындалатын бірнеше би түрі іріктеп алынды. Спорттық бал билері екі топқа бөлінеді: 1) Европалық билер(стандарт). Европалық билер билегенде: жігіт фрак киеді, ал қыздар ұзын көйлек киеді. Би түрлері: Ақырын вальс, Вена вальсі, Ақырын фокстрот(квикстеп), Тез фокстрот, Танго 2) 2) Латын-америка билері. Бұл билерде жігіттер, жейде мен лосины, ал қыздар жеңіл, ашық көйлектер киеді. Би түрлері: Ча-ча, Самба, Румба, Джайв пен Пасадобль Балалардағы категорияда қыздар жәй жабық көйлек, балалар шалбар мен жейде киеді. P.S.Бәрін жаза беретін емес, сұрақтарыңыз болса, жауап жазуға дайынмын.
Авторы:
VKM

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту