Ескі архив · 12.05.2011 13:38

Жұрттың қатыны қатын...

Жұрттың қатыны қатын, менің қатыным атым (атом, айтылуы бойынша жазылды)! Капоттың мұнша жыны келмеген шығар.Қатынына да әрине! Талай жерде талай жігіттермен ішіп жүр, әңгімелесіп жүр… Оларда мұндай бас қатырарлық мәселе жоқ тәрізді.Тәрізді емес болмаған! Жұрттың қатыны жүкті болса құспайды, жерік те болмайды. Ал, бұныкі...Өй! Басқа қатындар жерік болса ұйқыға, қиярға, пиязға жерік болады. Жасынан ертегі оқып өскен пәленің ертеңгісін «Мен жерікпін» деген кезінде-ақ бір сойқанның боларын сезген… Арыстанның жүрегіне жерікпін" деген кезде ішіп отырған шайы мұрнынан бірақ шашырады.Ой, Алла-ай" адам деген жеп көрген нәрсесіне жерік болушы еді… Аңшының қызы болса бір сәрі… күнде арыстанның етін қуырып жеп жүрген.Бұл күнде қазақ даласында арыстанмен қоса арыстан аулар жігіттер де құрып кеткен жоқ па?! Бұл болса арыстанның жүрегіне жерік! Тұңғыштарына жүкті болғанда да қасқырдың құлағына жерік болып қырып кете жаздаған. Неміс овчаркасының құлағын кесіп әкеп беріп бір қатырып еді өзін))))Тұңғыштары әне, екеуінің не айтқандарына дейін ұйықтап жатып естиді! Есіне ветврач ауылдасы түсті. Қалалық хайуанаттар бағында істейтін болған соң да түсіп тұр да есіне! Қой соған хабарласайын, бір амалын табар деп ойлаған Капот ауылдасының нөмірін тере бастады… Сурет мына жақтан алынды
Авторы:
Abilakim

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту