Ескі архив · 13.05.2011 16:51

"Қазақфильм" отандық кинофильмдерді бүгін тегін көрсетеді

Ақпаратты кештеу оқып, сан соғып отырмын. Алайда біреу болмаса, біреуге керек болып қалар. Бүгін Алматыдағы Орталық мемлекеттік мұражайда "Қазақфильм" киностудиясы түсірген бес туынды тегін көрсетіледі. Ұйымдастырушылар акцияны 18 мамырда атап өтілетін Халықаралық Мұражайлар күнімен байланыстырып отыр. Бүгін, яғни мамырдың 13-де (жұма) Орталық мұражайда сағат 17.00-ден 24:00-ге дейін келесі кинофильмдерді көруге болады: «Ликвидатор» (режиссері — Ақан Сатаев), "Қызғылт қоян туралы ертегі" (режиссері — Фархат Шәріпов), «Балалық шағымның аспаны» (режиссері — Рүстем Әбдірашев) және қайта өңделген "Қыз Жібек" (режиссері — Сұлтан Қожықов) пен «Біздің сүйікті дәрігер» (режиссері — Шәке Айманов). Жұманың кешін қазақ киносын көріп өткізем дегендер қызығып қалар. Ақпарат көзі.
Авторы:
qisyq

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту