Ескі архив · 13.05.2011 10:03

Есіңде ме (аяқталмаған өлең)

Көңіліме менің буылдыр тұман тартып бір қойған, бақ құсым, Сыйлап ең маған сезімдеріңнің тым сыйлысын, тәттісін… Қара бұлт жапқан аспаныма шуағын күннің әкелген Өзің едің ғой, есіңде ме, қарақат көздім ақ мүсін… Жаныма менің жұбаныш болған, шаншылып біткен шынарым, Әдемі бір әуезге бөлейді өзіңе деген құмар үн… Жалғыздық келіп жаншыған кезде жұдырық сипат жүректі Жарасын жазған өзің едің ғой, есіңде ме, тұмарым… Өміріме менің өзгешелеу өрнек салған, қарағым, Жалғыз сені жан-тәніммен жараттым да қаладым… Жапан далада жабығып қалғанда, болмысын маған сыйлаған Өзің едің ғой, есіңде ме, ақылдым менің, саналым…
Авторы:
qisyq

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту