Ескі архив · 13.05.2011 16:12

Jive ДЖАЙВ биі

Джайв биі АҚШ-тың оңтүстiк-шығысында XIX ғасырда пайда болды.Ол негрлер биі болып саналса да, Флоридадағы үндiстердің әскери биі деген болжам бар және де негрлер оны Африкададан Америкаға әкелген, содан соң үндiстер билей бастады деген де болжам бар. «Jev» оңтүстiк — африка тілінде «немқұрайлы» деген мағана береді, сонымен негрлер сленгiнде де алдауға ұқсас мәні бар. Осы сөздердің қайсы бастапқыда би атауына әсер етті ешкім білмейді. 1880-шi жылдарда джайвты конкурстық би қылып, АҚШ оңтүстiктесiндегi негрлер биледi. Бұл би ол кезде 2 бөлімнен тұрған: біріншісі- барлық жұптардың салтанатты шеруі, екіншісі- тез биленетін би. Биге «Ragtime „(шүберек )деген музыка қолданылған, мүмкін сондықтан болар, жұптар ең әдемі киімдерін киген екен.Музыка және би, Чикагоның негр тұрғындарының арасында көп танымал болған. Биге 1910 жылдан бастап көптеген өзгерістер енді.Қазіргі кездегі джайв биінің негізінде: адым,қосымша адымнан құралатын тез істелінетін шасси және адым,қайту, адым элементтері бар. Мен өзім джайвты керемет жақсы көремін. Кейбір конкурстарда осы биден ең жоғарғы бағалар алатынбыз. Міне,қараңыздар!
Авторы:
VKM

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту