Ескі архив · 13.05.2011 15:40

Мойындау немесе менің асабалығым...

Тас атсаң тамадаға тиетін заман болып тұр ғой. Өзін керемет қылжақбаспын деп санайтындар КВН ойнап, әнші санайтындар әншілік пен асабалықты қатар ұстап кеткенін мойындау керек. алдында «Дабайда» да жаздым ау деймін бұл жайлы. Асабаға еріп әнші болып жүрген жігіттер ақшаны көп табу үшін асабалықты да қоса алып кетіп жүр.Көп ондайлар.Немесе асабалықтан ас тауып жүріп әншілікті меңгеріп жатқандар да аз емес. Дарыны симай бара жатса кім тоқтатсын оларды. Иә, жарнамам ілінді мына сайтқа. Мен қандай асабамын? Осы сұрақтың төңірегінде сіздерге ашық әңгіме бастайын.Менің әкем ауданға белгілі асаба. Ол кісіден жақсы баға алған асабалар шамалы негізінде. Казіргі жын соққандарды жақтыра қоймайтын.Міне, жай өмірде қалжыңдай бергенімізбен тойларды салмақты басқаруға тырысамыз. Саммита және басқаларыңыз ойлағандай күн құрғатпай немесе сенбі-жексенбі той алып, мұрнымнан қан кетіп жүрген жоқ. Мен жылана қырса 5-6 той басқарамын.Оның өзінде жақсы танитын жолдастарым өтінсе ғана. Оған не себеп? Асабалықты алып кеткен жолдастарым ақшаның көтіне шындап түсті. Айтатындары ақша. Аптасына тек тойдан 40-60 мың кіргізсе де жарымайды, жетпейді. Аптасына емес айына сондай ақша кіргізсе де тақияға тар емес қой егер қосымша жұмыс ретінде қарасақ. Жоқ, олар бұны мамандық қылып алған. айына 100 ден артық кіргізеді. Ал, Қарағандының ақша бағамымен ол аз ақша емес. Сөйтіп жүріп не үйлері, не машиналары жоқ, отбасыларында берекесі жоқ таныстарым көп.Мен ойландым, осы маған керек пе? Немесе, болдым, толдым деген таныстарымды қарайын. Не жетпейді соларға. сонда да ақшадан өлгендей жүгіреді де жүреді. Сонда да үйінде қонақты дұрыс қабылдай алмайды. Мен тойды жақсы не жаман басқарам деп кесіп айта алмаймын.Өзіндік деңгейім бар. әр тойға мұқият дайындаламын. Қыз қай жақтан, жігіт қай жақтан. Екі рудың, екі ауылдың шежіресін зерттеймін.Аңыз әңгімелерінен үзінділер келтіремін.Құдаларға қарама-қарсы жағын жақсы білу үшін бұндай әңгімелер керек. Арасында әрине өлеңдер оқып, әзілдер жіберемін. Тым бір сарынды ұстауға әсте болмайды. Бір кісінің ұлының тойын басқардым. Ұнаған болуым керек екінші ұлының тойын және кенже қызының ұзатылуын басқартқызды. Екі кластасымнын тойын басқардым. 21 мамыр бір кластасым өтінген соң баласының бір жасқа толуын басқармақпын. Жалпы ақша көбейген сайын сұраныстың да артатыны белгілі. Бірақ бұның бәрі қолдың кірі ғой. Біреулер қазіргі менің жағдайыма жете алмай жылап жүр деймін де қоямын. Ал, менің асабалығымды Алматыда біразыңыз байқадыңыздар. Біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей деңгейдеміз.
Авторы:
Abilakim

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту