Ескі архив · 13.05.2011 18:12

@NNazarbayev туиттерін қазақша жүргізе ме?

Түсінбей қалдым. «Алаш айнасы» Twitter-ден деген тақырыппен Назарбаевтың, Мәсімовтың және Жұмағалиевтің тиуттерін сайттарына жариялапты. Аты аталған соңғы екі тұлғаның тиуттерін оқып отыратын болғандықтан @KarimMassimov және @AZhumagaliev деген аккаунт қазақша жазбалар жазатынын көріп жүрмін. Басында орысша сосын қазақша жариялайтын. Қазір бірінші қазақшасын беріп жүр. @NNazarbayev дегенді басында жалған аккаунт болар деп мән бермей жүр едім. «Алаш айнасы» сілтеме көрсеткен соң, қайтадан қарап шықтым. Бірақ @NNazarbayev деген аккаунттың қазақша жазғандарын көрмедім. Орысша және ағылшынша жазғандарын байқадым.
Авторы:
urimtal

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту