Ескі архив · 13.05.2011 03:30

Орындалатын TXT файл немесе "*.TXT = *.EXE"

Осы мақаланың жазылуына себеп болған @timurrr (Ит дегенім емес) еді. Ақидың дәлел әкелін алға тартып. Сонымен өткен бір мақаламда линуксте барлық файлдар орындалады деп едім емес пе, линуксоидтар болып соны көрейік. Виндоустағылар форточкадан шықпайынша көре алмайды әрине. /home каталогына кіріп, бір file.txt файлын жасайық. Енді осы файлды ашып ішіне скрипт жазамыз. Миларыңды су қылмай үшін қысқа жазамыз pkill -1 X сақтаймыз. енді осы жай ғана файлды орындалатын қыламыз, терминалда былай деңіз: sudo chmod +x /home/file.txt енді орындаймыз, орындау үшін файл тұрған каталогқа өтеміз: cd /home сосын sudo ./file.txt бәрін дұрыс істесең мәшинең log off болды.
Авторы:
sigma

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту