Ескі архив · 14.05.2011 10:46

Керекшілермен боулинг ойнадым

«Осылай жиналып тұрайық, 3-4 ойыннан кейін қиналып тұрайық» © Нұрғиса Астаналық керекшілер кездеспегелі біраз болып еді, кеше соның сәті түсті. Кездесуге Аршат, Бекжан Толыбай, Нұрғиса, Саммита, Қарақыз, Айдосик, Жанасыл келіншегімен және қонақтарымыз Қарасақал мен Еркеқыз келді. Алдымен Керуенде танысып, ауқаттанып алып, кейін Шаробанға боулингке бардық. Өкінішке орай, Еркеқыз, Бекжандар әлдеқандай себептермен боулингке бара алмады, ишшо тайып тұрған Саммитаға өкпем қара қазандай)))))))) Ну лан, қалған 8 адамнан құралған топ «от души» боулинг ойнадық. Нұрғиса ағамыз тамаша ойнайды екен, барлық ережесімен, аяқты артқа тастап жіберіп))) Қарасақал «ойнау білмеймін» деп алып, страйкты бірінен-соң бірін жіберді. Аршат екеуміз сәл-пәл «слабое звено»)))) Ана топта жақсы ойын көрсеткен Айдосик болды. Шарды шиырып ұрып «крученый» удар жасады ма… Одан Нұрғиса да қалыспады, ақыры, болмай бара жатқасын, шарды аяқпен лақтырып))))) Ощм, тамаша көңіл көтердік, сол қолым әлі ауырып тұр. Потоға Жанасыл түсіріп жүрген, ілетін болар, күтеміз. Пы сы: Керуенге Пазылбек келіп жағымды ұсыныс айтып кетті, оны Арчи жаза жатар.
Авторы:
AKY

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту