Құрғақ қылқалам техникасы
Бүгін өзіме бір жаңалық аштым Апыл-ғұпыл асыға пропорцияны ескермей, мына адамның бейнсін салып, тексеріп көрдім. Техникалық мүмкіншілік жағынан арасынан Құрғақ қалам техникасы ерекше орын алады екен
Мұнда мынадай атрибут құралдары кіреді: қара түсті майлы бояу, қылқалам, өшіргіш және акварль қағазы. Оның атауының себебі қылқаламмен құрғақтай қағаз бетіне салуда болып тұр. Ерекшелігі – түстің қаралығының басымдылығы және т. б.
Осы техниканы көбінесе арбаттағы суретшілер адам бейнесін салғанда қолданады екен. Бірақта академияда бұл техниканы пайдаланбайды — неге екенін білмедім.
