Ескі архив · 14.05.2011 13:43

Жарты сағаттық кездесу.))

Ары кетсе жарты сағат шығар керекшілермен бірге отырғаным. Әйтеуір тез өтіп кетті ғой. Уақыт аз болған соң көп сөйлесе алғаным жоқ, бірақ бұрыннан таныс сияқты еркін сезіндім. Нұрғиса ағай мен Бекжан ағай сондай мейірімді екен. Түрлеріңіз «добрый» ғой.))) Саммита тате, кім айтады сізді тұрмысқа шыққан деп, қыздайсыз ғой қыздай. Әйгерім ол-Әйгерім, сөз жоқ.)) Аршат ағай, сізге кішкентай кезіңізде сүйкімді болыпсыз деп едім ғой, қазір красавчик екенсіз :D. Виктория- салмақты, сұлу қыз екен. Жанасыл мен жұбайы сондай жарасып тұр бір-біріне. Жақында үйлендіңдер ме? бақытты болыңдар! :) Қарасалдың сақалы ғана емес, әзілі де өзіне жарасқан жігіт екен. :)Айдос көп сөйлеген жоқ.)) Көңілдеріңізге үлкен рахмет! :)
Авторы:
Erkekyz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту