Ескі архив · 15.05.2011 00:36

All Davai - Жаным

All Davai — Жаным Сенсің тәтті қиялым Сені қалай қиямын Сенсіз қайда сиямын Жаным, жаным. Қайда жалғыз жұрсем де Қалың ойға кірсем де Асыл арман бір сен де. Жанарыма жылына аласың ба? Сен жанымда, бағым боп қаласың ба? Күндер қайда?Сен оны ұмыттың ба? Келер қайта шын ұқтың ба? Ай да, күн де батады Жылдар өтіп жатады Сағынышым қалады Жаным, жаным. Енді мені қинама. Оз жолымда қаламын, Бақытымды табамын… Жанарыма жылына аласың ба? Сен жанымда, бағым боп қаласың ба? Күндер қайда? Сен оны ұмыттың ба? Келер қайта шын ұқтың ба? Мен 10 сыныпта оқып жүргенде осы ән керемет модада болды.Тек ағылышынша ғана ән тыңдайтынмын сол кезде.Қытайға оқуға кетемін деп жүрдім,қуанып, түк ойламадым.Пекиннің аэропортына келгенде, көңілім жаман болып,үйді сағынып отырғанда,қазақша осы жалғыз ән бар екен соткамда… Тыңдап, жылап, елді,үйді, жанұямды еске алушы едім…
Авторы:
VKM

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту