Ескі архив · 16.05.2011 15:43

Анонс: Сенбистер.

Олар апта бойы тыныш жүреді. Олар еңбек аптасында жәй ғана адам. Бірақ, сенбі басталысымен алып шаһардың қаһармандарына айналады. Жоқ, олар супермен емес, олардың қолында магиялық қару жоқ, олар спайдермен құсап секіріп-өрмелемейді. Олардың қарулары — кружка. Олар — сенбистер. Қисық, Патик, Жалғас, Батыр, Ербол — сыраны ішіп тауысып, өзге тұрғындарды зұлым алкогольден құтқаруға бел байлады. Халық: — Оларды қалай танимыз? Қисық: — Оларда ешқандай белгі болмайды! Халық: — Мүмкін меңі, не беттерінде тыртық бар шығар? Ербол: — Жоқ. Олардың саусақтарында тіпті неке сақинасы да жоқ! Алматының барлық пабтарынан көріңіздер. С Е Н Б И С Т Е Р!!!
Авторы:
patick

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту