Ескі архив · 16.05.2011 17:31

Ара қашықтық өлшемдері

Қазақ халқының сөздік қоры расында да Нұрғиса ағам «Пай-пай!» деп таңдайын қаққандай ғой… Қазақ халқының ара қашықтыққа қатысты өлшем атаулары туралы да осылай деуге болады. Халқымыздың таным-түйсігіне, тұрмыс салтына, кәсіп еткен шаруашылығына қатысты пайда болған бұл ұғымдарды да біле жүргеніміз ләзім. Ат шаптырым жер, қозы көш жер деген өлшемдер бар. Алғашқысы шамамен 20-25 шақырымды қамтыса, қозы көш жер – 10-15 шақырымнан әріге ұзамайды. Сондай-ақ, қарға адым жер, таяқ тастам жер, қол созым жер, ит өлген жер, ит арқасы қиянда, тас лақтырым жерлерде деген өлшем атаулары бүгінде тұрақты сөз тіркестеріне айналған. Әрине, бұлардың қай-қайсысын да дәл мынадай өлшемге сәйкес келеді деу негізсіз, мұның барлығы да шамамен алынған өлшемдер.
Авторы:
alisha

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту