Кім айтты саған Ладаны ешкім мінбейді деп
Ресейлік «Ладаны» ешкім мінбейтін сияқты көрінеді. «С нуля» Лада, ВАЗ-дың Жигули, Семерка, Девятка, Калинасын мінгенше, 3 мың долларға 1991 жылғы Ауди мінген артық" дейтіндерді көп кездестірдім. Соған қарап Ресейдің Ваз, Газдары мүлдем өтпейтін шығар десем… Бос сөз екен.
Қазақстандағы ресми диллерлердің салондарында сатылатын су жаңа көліктердің арасында ең сұранысқа иесі осы Ресейдің Ваз, Ладалары екен. Мысалы: «Qncepto» консалтингтік компаниясының зерттеуі бойынша өткен сәуір айында 3 363 жеңіл және коммерциялық автокөлік сатылған. Оның 906-ы немесе 32 пайызы яғни бірінші орын осы «Семьерка»,«Девятка», «Уаз», «Газдардың» еншісінде. Екінші орын Toyota-да. Lada маркасының ішінде ең жоғары сұранысқа ие болғаны Priora (229 дана), одан кейін “Семьерка” Lada 2107 (217 дана), Нива Lada 4x4 (200 дана), «девятка» Lada Samara (196 дана).
Жалпы жыл басынан бері Қазақстанда 8 028 су жаңа жеңіл көлік сатылған. Олардың ішінде де сатылым бойынша бірінші орынды Lada бастап тұр. 608 коммерциялық автокөлік сатылған. Оның көшін ГАЗ бен УАЗ бастап тұр. Айтпақшы Ресейлік Ваз, Газдар биыл ғана емес соңғы 3 жылдан бері Қазақстандағы су жаңа көліктердің сатылым көшін бастап келе жатыр екен.Осыдан соң Ресейлік автокөлікке сұраныс азайды, Ладаны ешкім мінбейді деп көр.
