Мұхтар Мағауин
1940 жылы ЩҚО Шұбартау ауданында дүниеге келген. Қазіргі таңда Праганы мекен етеді.
Өліні мақтап, өлген соң іздейтін халқымыздан шыққан, қазіргі таңдағы кклассик жазушымыз. Әдебиет зерттеушісі. Кеңес зманында қазақ әдебиетін сонау 15 ғасырларға бір-ақ шегіндірген кісі. Басқа шығармаларын ұнатпайтындар бұл кісіні тым құрыса осынысы үшін қадірлеуі, сыйлауы керек.
Мен ұсынатын шығармалары: «Аласапыран», «Шақан шері»," Сарқазақ", «Тазының өлімі», "Қыпшақ аруы",«Жармақ», "Құмырсқа қырғыны". Жалпы бұл кісінің шығармаларының бәрін оқысаңыздар да болады. «Мен» атты мемуарлық шығармасын да оқыңыздар.
әр адамның өзіне тә мені болуы керегін сосын түсінерсіздер!
1988 жылдары «Тазының өлімі» жайлы жаза отырып жазушы қазақты суреттеген. «Сарқазағы», «Шақан шерісі» киноға сұранып тұрған туындылар.
«Кесік бас һәм тірі тұлып» хикаятына да көз жүгірте салыңыздар!
