Ескі архив · 16.05.2011 20:40

Не деуге болады. Өлімге ұмтылу ма? /олай деуге де келмейді/

Қазіргі уақытта әр адамның арманы астына бір темір тұлпар міну. Мінгендер болса жақсысына ауыстыру. Осы жердегі керекшілердіңде темір тұлпарға деген қызығушылығын мына жерден байқауға болады екен. Әрине жақсы ғой астыңа қалаған машинаңды мініп жүрсең. Былайша айтқанда машина алуда бақыттың бір түрі. Мініп алып құйғытамыз…!!! Тоқта! Асықпа! Өткенімізге қарасақ соңғы бірнеше жылдың ішінде осы машиналар қазаққа /адамзатқа/ үлкен қасіретте ала келіпті. Көптеген азаматтарымыз жол көлік апатынан қайтыс болыпты. Соның бірі міне бүгін естіп отырған әнші Ажар Түзелбекқызының қазасы. Мына суреттегі жанарларға қарайық: Бұлар қазаққа таныс адамдар. Ал басқа да жол апаттарынан о дүниеге кетіп жатқандар қаншама. Әрине ешкімге машина айдама деп немесе өзіміз айдамай не мінбей жүре алмасымыз белгілі. Тек жолда абай болайық!!! Газды азартпен емес ақылмен басқаралық!!
Авторы:
Janasil

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту