Әнші Ажар Түзелбекқызы өмірден озды
Оразалы Досбосыновтың келіншегі ретінде білуші едік.
Күн батты, таң атты тағы да,
Ем таппай жаралы жаныма,
Жоғыңа сенбестен қарайлаймын жолыңа.
Сен едің ертегі аралым,
Дертімнің таба алмай амалын,
Таусылып ішімнен барамын-ау, қарағым.
деп мұңға толы әнін айтқанда еріксіз жылап алушы едік.
Осыдан бір ай бұрын AKY «Сағыныш» әнін жариялап еді. Тағдыр шығар. Оразалыға махаббаты күшті еді деп естуші едім. Талдықорғаннан Алматыға қайтып келе жатқада… көлік апатынан кетіпті. Оразалы екеуінің ұлы мен қызы бар еді, қаршадай жас қалды балапандары. Олар да әкесі мен шешесіне еліктеп, өнер жолын игеріп келеді екен: бірі домбырада, екіншісі қобызда ойнауға машықтаныпты.
Әркімнің пешенесіне қанша жыл өмір сүру берілгені бір Аллаға аян-ау. Ұлдары мен қызына үлкен сынақ болары анық. Құдай сол екі құлыншақтарының өмірлерін берсін. Өкінішті өте…
