Ескі архив · 16.05.2011 00:07

Сәлеметсіздер ме құрметті КерекИнфолықтар !?

Сәлем сөздің атасы демекші алғашқы постымды амандасудан бастадым. Алғашқы постымды ҚазНеттегі жаңа бір сайт туралы жасасам деймін. Болашақтағы посттарым да осы тақырыпта болмақ. Көзге ілінгенінше) Уақыттың жеткенінше ҚазНеттегі барлық жаңа сайттарға шолу жасамақ ойым бар. Сонымен бүгінгі тақырыпта — LIVEnet.kz. Бұл сайт туралы не айтуға болады? Қарап көрелік. Атақты твиттер тектес кезекті сайт. Дизайн жағы толық қанды бітірілмеген. Шет елдік движокта жасалған(Егер де қазақтың қара домалақ жігіттері өздері жасаған болса бұлай айтуға дәтім бармас еді) Қазақша нұсқасы жоқ(менің байқауымша бұл ең басты кемшілігі) алайда сайт авторлары бұл кемшілікті жақын арада жоймақ ойы бар. ДЕГЕНМЕН. Өте ыңғайлы екен. Қолдануға болады. Жылдам әрі ыңғайлы сілтемелермен, суреттермен, видеомен және музыкамен бөліссе болады. Біраз кемшіліктері болғанмен маған аталмыш сервис ұнады. Менің ондағы профилім livenet.kz/ustara Алайда әркімнің көзқарасы әртүрлі болғандықтан әр бір сайттың әділ қазысы сіздер мен біздер — қолданушылар. Бағасын өздеріңіз берерсіздер. Тіркелу Сонымен, тағы да бір рет Армысыз ардақты КерекИнфолықтар. Сіздерге менің алғашқы постым ұнады деген ойдамын. Келешекте жақсырақ жазуға тырысамын. Орыс айтпақшы бір ғасыр өмір сүрсең бір ғасыр оқы, яғни біліміңді шыңда, әрі қарай бар өнеріңді жетілдір.
Авторы:
ustara

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту