Ескі архив · 16.05.2011 14:15

Тағы да жазалайыншы

"Алға" дегенді "алдыға" деп айтатын тірі организмдер мен мега амебаларды диаметрі 5 м екі үлкен дыбыс колонкасының ортасына отырғызып қойып, «До-ми-но» тобының әнін максималды дауысымен қосып қойса. Одан есін жия берген сәтте, «Ол кім, бұл не?» энциклопедиясының барлық томын бір қолмен көтерткізіп, бір аяқпен үш сағат ұстаса. Одан аман қалып жатса, Африка елдерінің бүкіл фольклорлық әдебиетін 1 күн ішінде жаттауға мәжбүрлеп, ішінен «алдыға» деген сөзді тауып беруді бұйырса, ох арман болмас еді.
Авторы:
patick

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту