Айдан Шенердің сериалы басталды (Жизнь в изгнании)
«Королек птица певчая» арқылы танымал болған түрік актриса Айдан Шенерді көпшілігіңіз білетін шығарсыздар. 2008 жылы түскен бір сериалын Хабар кешеден бастап көрсетіп жатыр. Бас жағын көре алмай қалдым, түсінгенім 6 жыл бұрын күйеуі жоғалып кетеді. Бірақ ол тірі болып шығады. 6 жасар ұлына бір актерді жалдап, әке ролін ойнатайын деп жатқан кезінде күйеуі тірі болып шығып, енді әйеліне хабарласайын деп жатады. Бүгін басынан бастап қарап көремін, тек қана Айдан Шенер үшін де қарауға тұратын сериал сияқты. Қартайса да сұлулығы бұрынғыдай екен.
Сериалдың аты: «Жизнь в изгнании» (Sürgün Hayatlar)
Басталу уақыты: 21-30 (Астана)
