Ескі архив · 17.05.2011 20:02

Көлсайға сапар

Өткенде біраз адамнан Көлсайға барсақ деген ұсыныс түсіп еді. Сол Көлсайға өте қызық жолмен бару туралы ұсыныс түсіп жатыр. ҚазҰУ-дың география факультетінің оқытушылары студенттеріне Көлсайға 10 күндік жаяу жорық ұйымдастырғалы жатыр екен. Студент ағайын Алматыдан Түргендегі Батан сайына автобуспен барып, ары қарай асу, таулармен Көлсайға жаяу аспақ. Үш көлді түгел аралап, сол жерден Алматыға оралмақ. Егер қаласақ бізді бірге ерте кетуге дайын. Тәжрибелі инструкторлар, асай-мүсейлерімен. Өз басым жаяу тау асып баруды құп көрем. Асумен асып жаяу бару деген… Тіл жетпейді айтуға. Нағыз демалыс болар еді, тек қана Көлсай емес, тау-тас, табиғатты түгел тамашалап қайтар ек. Бізге олар сияқты 10 күн емес, 1 апта жүріп қайтсақ жетеді. Кім не айтады, жауап тосам. ҚазҰУ-лықтар масымның 1 күні шығып кетеміз деп отыр.
Авторы:
Erbol

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту