Ескі архив · 17.05.2011 23:05

Wicker Park

Бұл фильмнің экранға шыққанына 7 жыл болыпты, ал мен бүгін көрдім. Кеше түстен кейінгі уақытта жүрегіме жақын бір қыздың блогын ақтарып, суреттерін қарап отқам, осы фильмнің ұнататынын жазып, суреттерін іліпті. Интернеттен көркем фильм жайлы ақпаратты тауып, оқып шықтым. Рецензиясы қысқа нұсқа, әрі қарай не болар екен деген ойға тіреп қояды екен. Жұмыстан қайтар кезде торрентпен жүктеуге қойып кеттім. Азанда жұмыстарымды реттеп, бүгінге демалыс жариялап, достарыма кетіп қалдым. Түскі уақытта пәтеріме келіп, жатып алып фильмді көрдім. Бас жағында онша ұнатпадым, ол қызға фильм неге ұнады деген сұрағыма жауапты алу үшін соңына дейін қарауға тура келді)) Соңында түсіндімғой бұл фильм не үшін ол қызға ұнайтынын!)) Джош Хартнетт, Роуз Бирн, Мэттью Лиллард рөлдерін өте әдемі ойнапты, маған ұнады. Бәрінен де Роуз Бирнге ерекше ырыспек! Дайан Крюгер Көркем фильмнен алған әсерім өте жақсы, айтарым көп болса да — жазып жеткізе алмай отырмын ойларымды)) Менің пікірімсіз ақ форумдар да бұл фильм жайлы пікірлер жыртылып айрылады екен)) Сіздерге де бұл көркем фильмді көруге кеңес беремін.
Авторы:
direct

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту