Ескі архив · 17.05.2011 10:05

Жапония күнделігінен: Жапондықтардың шай дайындау рәсімі

Мен бұл күнді үлкен қызығушылықпен күттім. Жапонияға келмей жатып, Жанна шай рәсімін тамашалауға алдын-ала тапсырыс беріп, айтып қойғанын ескерткен. Шыны керек, басында басқаша елестеткем, сөйтсем, мен ойлағаннан әлдеқайда терең мәнді, әдемі өтеді екен. Суреттермен қатар комменттер келтіріп шығайын. Қатысушылар: мен, Жанна, оның универдегі құрбысы, Қазақстандық, сол жақта оқып, жұмыс жасап жатқан Жанна және оның әріптесі доцент Чжеджудо сан. Осы адамдар бас қосады дегенше, біраз жүріп қалдық негізі. Арнайы шараға тәттілер алып (осы жерде голландықтар жарон еліне енгізген кастеллодан да дәм таттым, тура біздің бисквитке ұқсайды), шай үйінің өкілімен кездесіп, межелі орынға жаяу келдік. Кіреберісте аяқ киімдерді сап түзей шешіп, көрсеткен бөлмеге кіргенде басқа әлемге тап болғандай болдық. Едені — татамиден, бөлмелер жап-жарық. Жайғаса бергенде арнайы дайындалған ақ шұлықтарды киіп алдық, арнайы конверт те берілді (не үшін ұқпадым). Бәрі ыммен жасалуда Бөлмеде шалқан мен камелия бұтасынан композиция жасалған, қателеспесем, сол шалқанның өзі үйдің ішінде өсірілген екен. Шай дайын болғанша, гүлдеп тұрған сливаны тамашалай тұрдық. Әрине әлдекімдер үшін бұл іш пыстырарлық болар, бірақ жапондар үшін бұл ерекше процесс. Арнайы подноспен тәттілер әкелді: Осы аралықта шай демдеуші өз ісіне қызу кіріскен еді: кейін үй иесі де қосылды. Мына ыдыста су қайнап тұр: Шай демдеуді бастан аяқ көруге болады. Ыстық су тұрған қазаннан суды шағын бақырашпен алып, оны әдемілеп кеселерге құяды да қонағына ұсынады. Кесені алмас бұрын ұсынып отырған адамға тағзым етіп, рахмет айтады. Одан кейін оң жақтағы отырған көршіңнен "Ішуге рұқсат па?" деп бір, сол жақта отырған көршіңнен «Сенен бұрын ішуге рұқсат па?» деп екі сұрайсың. Енді келіп қолыңдағы әдемі кесенің безендірілуіне баға беруің керек, тамсану керек.Сонан соң барып шай ішуге рұқсатШайды сораптап (!)ішіп болған соң, алдында таратқан конверт ішіндегі әдемі суреті бар салфеткамен кесенің жиегін сүртіп (әдемі салфетканы қимайсың әрине), иесіне қайтарасың. Түсіндіргеніндей, жапондықтардың фарфор ыдыстары 5 адамға сай жасақталған. Яғни, ең көп дегенде қонақтар 5 адам болу керек (одан көпті игеру оңай емес сияқты) Келесі бөлмедегі шай қытай стилінде дайындалды. Өткен ғасырларда тек ер адамдар дайындайтын болғандықтан, ер адамның костюмін киген біздің алдымыздағы жапон әйелі шай демдей бастады. Қасындағы апай оған көмектесіп, шыны кеселерді ерекше орналастыра бастады. ал мынау жаңа бөлменің тәттілері: Демделген көк шай: Алған қағаз/салфетка/перманент осы жерде іске жарады: Кететін уақыт та келді Мол әсер алып шыққан біздің келесі бағытымыз храм болды. жалғасы бар
Авторы:
Gulistan

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту